weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
28 қазан, 2026 / SportRoom / Футбол 31
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ламин Ямаль үшінші жыл қатарынан әлемнің үздік жас футболшысы атанды

«Барселона» мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль 2026 жылғы «Алтын доп» салтанатында Трофей Копа жүлдесін жеңіп алды. 19 жастағы футболшы бұл марапатқа үшінші рет қатарынан ие болды.

Ламин Ямаль үшінші жыл қатарынан әлемнің үздік жас футболшысы атанды Ламин Ямаль үшінші жыл қатарынан әлемнің үздік жас футболшысы атанды
Sports.kz

Испания құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Ламин Ямаль Лондонда өткен 2026 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімінде әлемнің үздік жас футболшысына берілетін Трофей Копаны алды.

19 жастағы ойыншы бұл жүлдені қатарынан үшінші жыл иеленді. Бұған дейін ол 2024 және 2025 жылдары да осы номинацияда үздік танылған.

Трофей Копаны France Football журналы 21 жасқа дейінгі әлемнің ең үздік футболшысына табыстайды. Жеңімпазды «Алтын доп» иегерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.

Биылғы үміткерлер қатарында Ямальдың «Барселонадағы» әріптесі Пау Кубарси, «Бавария» ойыншысы Леннарт Карл, «ПСЖ» жартылай қорғаушысы Уоррен Заир-Эмери және «Реалдың» футболшысы Ян Диоманде болды.

Ямаль сонымен бірге 2026 жылғы негізгі «Алтын доп» дауыс беруінде үздік ондыққа енді. Өткен жылы ол екінші орын алып, француз шабуылшысы Усман Дембелеге есе жіберген еді.

.

Көп оқылды:

.
.