Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры матчында өз алаңында астаналық «Жеңіспен» тең ойнады. Кездесу Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтті.
Ойынды Қөкшетаудан келген Даниил Горда бастаған төрешілер бригадасы басқарды. Қос команда да матчты белсенді бастап, бірінші таймда бірқатар мүмкіндік жасады, алайда үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.
Екінші таймның басында «Жеңіс» алға шықты. Адилионың қақпа алдына бағыттаған пастарының бірі Ги-Марселин Киламаның өз қақпасына соққан голымен аяқталды.
Бірақ шымкенттіктер аз құрамда қалса да, таразы басын теңестірді. 70-минутта Эльхан Астанов мергендік танытып, есепті 1:1 етті.
Осы кездесуден кейін «Ордабасы» 68 ұпай жинады және алматылық «Қайраттан» бес ұпай алда тұр. Алайда «Қайраттың» бір ойыны артық, сондықтан чемпиондық бәсеке әлі де жалғасып жатыр. «Жеңістің» еншісінде 33 ұпай бар.
«Ордабасы» — «Жеңіс» 1:1 (0:0)Голдар: Килама, автогол 46 (0:1), Астанов Э. 70 (1:1)Қызыл қағаз: Амир 66