Қазақстан футзал құрамасының қақпашысы Лео Игита әлем чемпионаты-2028 іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтар жайлы пікір білдірді.
— Қазақстан құрамасын әрқашан қорғау қуаныш. Қазір сезім де бөлек, өйткені алда өте маңызды, әрқайсысы үш ұпай әкелетін матчтар тұр. Сондықтан қуана келдім, дайынмын. Құдайға шүкір, жарақат жоқ. Енді Беларусьпен өтетін ойындарға дайындалып, ақпаратты қабылдай береміз. Бастысы — 20 қазанға дейін бәрін сап-сау жеткізіп, Астанада футзалымызды көрсете алу, — деді Игита.
Әлем чемпионаты-2028 іріктеуінің негізгі кезеңінде Қазақстан құрамасы Беларусь және Албаниямен бір топта ойнайды. Топ жеңімпазы элиталық кезеңге тікелей өтеді, ал екінші орын алған команда рейтинг арқылы келесі кезеңге жолдама алуы мүмкін.