weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барыс» шабуылшысы КХЛ маусымындағы мергендер көшін бастады

Астаналық «Барыстың» америкалық шабуылшысы Джастин Бэйли КХЛ-да алғашқы болып 10 шайба соқты. Ол «Авангардқа» қарсы ойында дубль жасап, командасының ірі жеңісіне үлес қосты.

«Барыс» шабуылшысы КХЛ маусымындағы мергендер көшін бастады «Барыс» шабуылшысы КХЛ маусымындағы мергендер көшін бастады
Sports.kz

Астаналық «Барыс» шабуылшысы Джастин Бэйли Құрлықтық хоккей лигасының 2026/2027 маусымында 10 шайба межесіне алғаш болып жетті.

Америкалық хоккейші бұл көрсеткішке омбылық «Авангардқа» қарсы үйдегі матчта қол жеткізді. Бэйли дубль авторы атанып, «Барыстың» 5:1 есебімен ірі жеңіске жетуіне көмектесті.

Осылайша, Бэйли қазіргі маусымдағы КХЛ-дың мергендер тізімінде жеке-дара көш бастады.

Михаил Кравец баптайтын астаналық клуб тұрақты чемпионаттың басында 13 матчтан кейін 16 ұпай жинады. «Барыс» 7 рет жеңіске жетіп, 5 рет ұтылды және бір ойында қосымша уақытта жеңіс тойлады.

Команда 31 шайба соғып, Шығыс конференциясында 3-орынға орнықты. Қазір «Барыстың» жеңісті сериясы қатарынан 3 матчқа жетті.

.

Көп оқылды:

.
.