Хабаровскіде өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчында жергілікті «Амур» Омбының «Авангардына» 2:3 есебімен есе жіберді.
Кездесудің бірінші кезеңінде Майкл Маклауд пен Джошуа Ливо қонақтарды алға шығарды. Арада көп өтпей Кирилл Ураков бір шайбаның есесін қайтарды.
Екінші кезеңде Ливо дубль авторы атанды, ал «Амурдың» екінші шайбасын Вячеслав Войнов соқты.
Айта кетейік, «Амур» мен «Авангард» — «Барыстың» Шығыс конференциясындағы қарсыластары. Қазір хабаровскілік клуб 34 ұпаймен төртінші орында тұрса, омбылықтар 40 ұпаймен екінші сатыда келеді. «Барыстың» еншісінде 33 ұпай бар, команда жетінші орында.