weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бек Нұрмағанбет «Канело» жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығады

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет 31 қазанда Эр-Риядта өтетін Riyadh Season кешінде жұдырықтасады. Оның қарсыласы мексикалық Маркос Рамон Васкес Родригес болады.

Бек Нұрмағанбет «Канело» жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығады Бек Нұрмағанбет «Канело» жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығады
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (16-0, 14 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен француз Кристиан Мбилли арасындағы титулдық жекпе-жек өтетін кештің андеркардында өнер көрсетеді.

Бұл бокс кешінің толық бағдарламасын Сауд Арабиясы жалпы ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх жариялады. Нұрмағанбеттің қарсыласы — мексикалық Маркос Рамон Васкес Родригес (21-3-1, 10 КО).

Турнир 31 қазанда Эр-Риядтағы The Venue аренасында өтеді. Бокс кеші «Мексика қарсы әлем» деген ұранмен ұйымдастырылып отыр.

Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегін Алматыда ресейлік Артыш Лопсанға қарсы өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Родригес болса соңғы рет 19 қыркүйекте рингке шығып, америкалық Лазар Франсиско Лоренсанға төрешілер шешімімен есе жіберді.

.

Көп оқылды:

.
.