weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үнді басылымы Богданованың Азия ойындарындағы жеңілісін түсіндірді

Ловлина Боргохаин Наталья Богданованы жартылай финалда 3:2 есебімен ұтқаннан кейін үнді басылымы жекпе-жектің қалай бағаланғанына тоқталды. Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды.

Үнді басылымы Богданованың Азия ойындарындағы жеңілісін түсіндірді Үнді басылымы Богданованың Азия ойындарындағы жеңілісін түсіндірді
Sports.kz

Үндістанның The Indian Express басылымы Азиада-2026-ның жартылай финалында Ловлина Боргохаиннің қазақстандық боксшы Наталья Богданованы жеңген кездесуіне талдау жасады.

Богданова төрешілердің бөлінген шешімімен 2:3 есебінде есе жіберіп, 75 келіге дейінгі салмақта жарысты қола медальмен аяқтады. Басылымның жазуынша, қазақстандық спортшы үш раундтың екеуінде басым түскен.

«Ловлина екі раундта ұтылды, бірақ екінші раундты 5:0 есебімен жеңіп, қазақстандық боксшыны 3:2 есебімен тізе бүктірді», — деп жазады басылым.

Мұндай нәтиже ұпай беру жүйесіне байланысты. Жеңімпаз әр раундтағы бес төрешінің жазбасы бойынша анықталады, сондықтан екі раундта басым болу жекпе-жектің жалпы қорытындысында міндетті түрде артықшылық бермейді.

Осы жағдайда Боргохаиннің екінші раундта бірауыздан басым деп танылуы шешуші рөл атқарды. Ал басылым бірінші және үшінші раундтардағы төрешілердің толық есебін келтірмеді.

Финалда үнді боксшысы Қытай өкілі Бао Цзыиді 5:0 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы Богданованың жартылай финалдағы нәтижесіне келіспей, ресми қарсылық білдірген еді.

.

Көп оқылды:

.
.