weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Сарыарқа» «Ертісті» 8:0 есебімен ойсырата жеңді

Қарағандылық «Сарыарқа» өз мұз айдынында павлодарлық «Ертісті» ірі есеппен тізе бүктірді. Матч 8:0 есебімен аяқталды.

«Сарыарқа» «Ертісті» 8:0 есебімен ойсырата жеңді «Сарыарқа» «Ертісті» 8:0 есебімен ойсырата жеңді
Sports.kz

Қарағандылық «Сарыарқа» Қазақстан чемпионаты аясында өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдап, ірі жеңіске жетті.

Кездесу 8:0 есебімен аяқталды. Бірінші кезеңде алаң иелері екі шайба соқты: екінші минутта Владислав Никулин басымдықты пайдаланып нәтижелі соққы жасаса, төрт минуттан кейін Руслан Дёмин есепті ұлғайтты.

Екінші кезеңде «Сарыарқа» тағы төрт рет көзге түсті. 21-минутта Владимир Волков азшылықта гол соқты, артынша Александр Борисевич пен Данила Карабань мергендік танытты. Бір минуттан соң Никулин дубль авторы атанып, есепті 6:0-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде Артём Лихотников жетінші шайбаны соқты. Матчтың нүктесін финал сиренасына бес секунд қалғанда Виталий Божко қойды.

Осы жеңістен кейін «Сарыарқаның» еншісінде 17 ұпай болды да, команда турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал «Ертіс» бір ұпаймен соңғы орында қалып отыр.

Қос команда арасындағы қарымта матч 2 қазанда өтеді. Кездесудің басталуы Қазақстан уақытымен 19:00-ге жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.