Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының екінші туры аясында сырт алаңда Словакиямен күш сынасты. Словацтың Кошице қаласындағы «Кошицкая футбольная аренада» өткен тартысты матчта алаң иелері 2:1 есебімен басым түсті.
Ойын өте тартысты басталды. Кездесудің 26-минутында алаң иелерінің ойыншысы Лео Сауэр есеп ашып, словактарды алға шығарды. Дегенмен, біздің жігіттер жауап қайтаруға ұзақ уақыт күткен жоқ — 35-минутта Рамазан Кәрімов керемет соққы жасап, таразы басын теңестірді (1:1). Осылайша тараптар үзіліске тең есеппен тарқасты.
Екінші тайм да гол соғу мүмкіндіктеріне толы болды. Дегенмен, матчың тағдыры ойын аяқталар тұста шешілді. 82-минутта Давид Ганцко Ондрей Дудының пасын голға айналдырып, Словакияға жеңіс әкелген соққыны соқты.
Словакия – Қазақстан – 2:1
Голдар: Cауэр (26), Ганцко (82) — Кәрімов (35)
Ескертулер: Стрелец (28), Вальент (69) — Кәрімов (6), Қуат (43)
Қазақстан құрамасы топтың фаворитіне қарсы соңына дейін мықты қарсылық көрсетіп, жанкүйерлеріне тартысты ойын сыйлай білді.