weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тығыз кестеге қарамастан: Ұлттық құрама ойыншысы Словакиямен матчы қалай күтіп отыр?

УЕФА Ұлттар лигасы аясында сырт алаңда Словакиямен кездесетін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман ойын алдындағы пікірімен бөлісті. Ойыншы команданың тығыз кестеге қарамастан жақсы дайындықпен келгенін және бапкерлік штабтың нұсқауларын бұлжытпай орындауға дайын екенін жеткізді.

Тығыз кестеге қарамастан: Ұлттық құрама ойыншысы Словакиямен матчы қалай күтіп отыр? Тығыз кестеге қарамастан: Ұлттық құрама ойыншысы Словакиямен матчы қалай күтіп отыр?
kff.kz

Қазақстан құрамасының футболшысы Дінмұхамед Қараман Словакияға қарсы өтетін маңызды матчы алдында команданың көңіл-күйі мен дайындығы жоғары екенін айтты. Оның сөзінше, ойындар арасындағы тығыз кестеге қарамастан, жігіттер бұл сынаққа сақадай сай.

«Бұл сырт алаңдағы екінші маңызды ойын. Ертеңгі матчқа жігіттердің бәрі тас-түйін дайын. Өздеріңіз білетіндей, ойындардың арасы өте аз. Сол үшін бір матчтан екіншісіне жылдам бейімделіп, өз бабымызды көрсетуіміз қажет», — деді ол.

Сонымен қатар, қарсыластың орталық шебіндегі ойыншылардың жоғары деңгейлі чемпионаттарда доп тебетініне тоқталды. Дегенмен, бұл жайт отандастарымызды абдыратпайды:

«Словакияның ортадағы ойыншылары өте мықты, беделді клубтарда ойнайды. Дегенмен, біздің бапкерлік штабымыз оларға қарсы қалай ойнау керектігін, қандай тактика қолданатынымызды толық түсіндіріп жатыр», — деді Дінмұхамед Қараман.

Ұлттық құрамамыздың бұл ойында қандай тактикамен өнер көрсететіні жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр.

.

Көп оқылды:

.
.