Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Ол 95 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 177 килограмм, серпе көтеруде 217 килограмм бағындырды. Қоссайыс нәтижесінде Нұрғиса 394 килограмм көрсеткішпен екінші орынға табан тіреді.
Бұл салмақта алтын медаль Иран өкілі Әли Әліпурға бұйырды — 398 килограмм (180+218). Қытай спортшысы И Ту 384 килограмм (179+205) нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Бұған дейін Алексей Чуркин де 85 килограмға дейінгі салмақта күміс медаль алған еді.