weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Азиада-2026 жалпы есебінде бесінші орында тұр

Айти мен Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тоғызыншы жарыс күнінен кейін медаль кестесінде бесінші орынға көтерілді. Қоржында қазір 45 медаль бар.

Қазақстан Азиада-2026 жалпы есебінде бесінші орында тұр Қазақстан Азиада-2026 жалпы есебінде бесінші орында тұр
Sports.kz

Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тоғызыншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жалпы медаль есебінде бесінші орында тұр.

Бұл күні қазақстандық спортшылар үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлдені ауыр атлеттер Алексей Чуркин мен Нұрғиса Әділетұлы, сондай-ақ жеңіл атлет Аделина Земс иеленді. Қола медальді кураштан Адилет Ахметғали мен Қазақстанның мәнерлеп жүзу құрамасы еншіледі.

Қазір Қазақстанның қоржынында 9 алтын, 13 күміс және 23 қола медаль бар. Жалпы саны — 45 жүлде. Медаль саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұрған Өзбекстаннан алда келе жатыр, алайда алтын медаль саны бойынша көрші елден қалып отыр: 9-ға 12.

Жалпы есепте Қытай көш бастап тұр — 132 алтын, 53 күміс және 45 қола медаль, барлығы 230. Екінші орында Жапония орналасқан: 41 алтын, 68 күміс және 63 қола. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеп тұр — 21 алтын, 26 күміс және 44 қола.

Өзбекстан төртінші орында болса, Қазақстаннан кейін Таиланд келеді. Оның да 9 алтын медалі бар, бірақ күміс пен қоласы аз: 8 және 12. Жарыстар 4 қазанда аяқталады.

.

Көп оқылды:

.
.