weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев шахмат Олимпиадасындағы Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен 46-шы Әлемдік шахмат олимпиадасында күміс медаль алған Қазақстан әйелдер құрамасына алғыс айтты. Президент команданың бірде-бір жеңіліссіз өнер көрсеткенін ерекше атап өтті.

Тоқаев шахмат Олимпиадасындағы Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады Тоқаев шахмат Олимпиадасындағы Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады
Sports.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен 46-шы Әлемдік шахмат олимпиадасында күміс медаль иеленген әйелдер құрамасын құттықтады.

Мемлекет басшысы команда тек Қытай құрамасынан ғана қалып, екінші орын алғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан құрамасы бұл беделді турнирде бірде-бір матчта жеңілмегенін айтты.

Президенттің сөзінше, шахмат сарапшылары мұны айрықша жетістік деп бағалаған. Тоқаев бұл нәтиже спортшылардың таланты мен табандылығын, әрі елге деген шынайы жанашырлығын көрсететінін жеткізді.

Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада 11 турдың қорытындысы бойынша 7 жеңіске жетіп, 4 рет тең түсті. Команда Қытай және Үндістан құрамаларымен де тең ойнап, соңғы турда Польшаға қарсы кездесуді тең аяқтады.

Осылайша, қазақстандық шахматшылар 18 ұпай жинап, екінші мәрте қатарынан күміс медальға қол жеткізді. Президент спортшыларға жаңа табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

.

Көп оқылды:

.
.