Бейбіт Жукаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайдағы ATP «Мастерс» 1000 турнирінің негізгі жарыс кезеңіне өтті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан Теннис Федерациясына сілтеме жасап.
Іріктеудің шешуші кездесуінде Жукаев британдық Билли Харристы (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Бейбіттің айлағашқы айналымда кездесетін теннисшінің есімі кейін белгілі болады.
Шанхайдағы «Мастерс» Бейбіт үшін ең сәтті турнирлердің бірі. Былтыр ол чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, негізгі сынға өткен еді.