UFC 334 турнирінің басты жекпе-жегі ресми түрде жарияланды. Бұл жарыс 2026 жылғы 14 қарашада Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Ауыр салмақтағы уақытша чемпион Сирил Ган белбеуін алғаш рет қорғайды. Франциялық файтердің қарсыласы – жеңіліс көрмеген америкалық Джош Хокит.
Ганның кәсіби көрсеткіші – 14 жеңіс және 2 жеңіліс. Ал Хокит UFC-дегі дебютінен бір жыл өткен соң титулдық мүмкіндікке қол жеткізіп отыр, оның еншісінде 10 жеңіс бар.
UFC 334 турнирінде тағы бір чемпиондық айқас өтеді. Әйелдер арасындағы жеңіл салмақта Кайла Харрисон бұрынғы екі белбеудің иегері Аманда Нуньеспен кездеседі.
Айта кетейік, UFC-дің ауыр салмақтағы тұтас чемпионын анықтайтын белбеу 14 қыркүйекте босаған еді. Британдық Том Аспиналл көзінен алған жарақатына байланысты туындаған асқынуларға байланысты белбеуден бас тартқанын мәлімдеді.