Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға оралды.
Теннисші Instagram сторисінде қолына гүл шоғын ұстап түскен суретін жариялап, орналасқан жері ретінде Алматыны көрсетті және жүрек белгісін қосты.
Бұған дейін Рыбакинаның Қазақстанда бірқатар іс-шараға қатысатыны және жарақаттан кейін қалпына келу курсынан өтетіні хабарланған. Сол себепті ол ұлттық құрамаға Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде көмектесе алмайды.
Елена Рыбакина US Open-2026 финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте ұтып, 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үш дүркін чемпион атанды.
Бұған дейін Рыбакина Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 жарыстарында топ жарған еді. Қазір ол WTA рейтингінде екінші апта қатарынан көш бастап тұр.