weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан шахмат Олимпиадасында Қытаймен бірге көш бастап тұр

Әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы әлемдік шахмат Олимпиадасында жетінші турдан кейін Қытаймен бірінші орынды бөлісіп келеді. Қазақстан мен Қытайдың еншісінде 13 ұпайдан бар.

Қазақстан шахмат Олимпиадасында Қытаймен бірге көш бастап тұр Қазақстан шахмат Олимпиадасында Қытаймен бірге көш бастап тұр
Sports.kz

Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы әлемдік шахмат Олимпиадасында жетінші турдан кейін Қытаймен бірге көш басында тұр.

Орталық кездесуде Қазақстан Қытаймен 2:2 есебімен тең түсті. Бірінші тақтада Бибісара Асаубаева Чжу Цзиньэрмен тең ойнаса, Алуа Нұрман да партиясын тең аяқтады. Меруерт Камалиденова Янь Тяньциден жеңілсе, Елназ Қалиахмет Тань Чжунъиді ұтып, Қазақстанға маңызды бір ұпай әкелді.

Жеті турдан кейін Қазақстан мен Қытайдың қоржынында 13 командалық ұпайдан бар. Қос команда турнир кестесінде бірінші орынды бөлісіп отыр.

Олардың соңынан 12 ұпай жинаған Үндістан, Болгария және Грузия ілесіп келеді. Сондай-ақ Армения, Моңғолия, АҚШ, Өзбекстан және Нидерланд құрамалары да үздік ондыққа енген.

Олимпиадада әлі төрт тур бар. Жарыстың соңғы матчы 27 қыркүйекте өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.