Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA маусымының жазғы хард сериясы қорытындысы бойынша берілетін «Star of the Swing» сыйлығына үміткерлер қатарына енді.
Рыбакина бұл тізімге US Open-2026 турниріндегі жеңісінен, әлемнің бірінші ракеткасы атанғанынан және маусымның қорытынды турниріне мерзімінен бұрын жолдама алуынан кейін кірді.
Үміткерлер арасында сондай-ақ Арина Соболенко, Ига Швёнтек, Коко Гауфф, Диан Парри, Александра Эала, Ива Йович және жұптық сында өнер көрсететін Катерина Синякова мен Тейлор Таунсенд бар.
«Star of the Swing» жүлдесі Вашингтон, Торонто, Цинциннати, Монтеррей, Гвадалахара және US Open жарыстары кіретін Солтүстік Американың хард сериясы нәтижесі бойынша табысталады.