Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы қатарынан алтыншы жеңісіне жетті.
Алтыншы турда қазақстандық шахматшылар Әзербайжан құрамасын 2,5:1,5 есебімен тізе бүктірді. Шешуші ұпайды қара фигурамен ойнаған Алуа Нұрман Гүнай Мамедзадені жеңіп әкелді.
Қалған үш партия тең аяқталды. Бірінші тақтада Бибісара Асаубаева Гөвһар Бейдуллаевамен ұпай бөлісті. Меруерт Камалиденова Ханым Балажаевамен, ал Зарина Нұрғалиева Гүлнар Мамедовамен тең ойнады.
Сонымен қатар, ерлер құрамасы да алтыншы турда Колумбияны 3,5:0,5 есебімен сенімді ұтты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Олимпиададағы өнерін жеңіліссіз жалғастырып келеді. Бұған дейін әйелдер командасы Ботсвананы — 4:0, Босния мен Герцеговинаны — 3:1, Словенияны — 3,5:0,5, Арменияны — 3:1 және Германияны — 2,5:1,5 есебімен жеңген еді. Алты турдан кейін қазақстандық шахматшылардың еншісінде 12 командалық ұпай бар.
2026 жылғы әлемдік шахмат Олимпиадасы 11 қыркүйекте басталды. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтетін 11 турдан тұрады.