weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында үздік сегіздікке енді

Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы төртінші турдан кейін сегізінші орынға көтерілді. Команда төрт жеңіс пен сегіз тең ойын арқылы 13,5 ұпай жинады.

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында үздік сегіздікке енді Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында үздік сегіздікке енді
Sports.kz

Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы төртінші турдан кейін командалық есепте сегізінші орынға жайғасты.

Төрт турдың қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшылар 13,5 ұпай жинады. Құрама қоржынына төрт жеңіс және сегіз тең ойын тіркелді.

Қазір көш басында АҚШ құрамасы тұр — оның еншісінде 15 ұпай бар. Ал тағы алты команда 14 ұпайдан жинаған.

Үздік ондықтағы тізім мынадай: 1. АҚШ — 15 ұпай, 2. Өзбекстан — 14, 3. Сербия — 14, 4. Польша — 14, 5. Үндістан — 14, 6. Қытай — 14, 7. Болгария — 14, 8. Қазақстан — 13,5, 9. Әзербайжан — 13, 10. Германия — 12,5.

Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты Ботсвананы 4:0 есебімен жеңуден бастады. Одан кейін Босния және Герцеговинаны 3:1, Словенияны 3,5:0,5, Арменияны 3:1 есебімен ұтты.

Олимпиада 11 турдан тұрады және 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстанның ерлер құрамасы жалпы есепте 35-орында келеді.

.

Көп оқылды:

.
.