Қазақстан Премьер-лигасының 26-турындағы орталық ойында шымкенттік «Ордабасы» мен елордалық «Астана» кездесті.
Матч Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтті. Кездесуді оралдық Болат Сариев бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Қос команда да ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Дегенмен бірінші таймда есеп ашылған жоқ, ал негізгі сәттер матчтың соңына қарай пайда болды.
78-минутта Жасұлан Әмір көзге түсіп, «Ордабасыға» жеңіс әкелді — 1:0.
Осылайша, шымкенттік клубтың еншісінде 58 ұпай болды. «Ордабасы» турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтеріліп, алматылық «Қайратты» бір ұпайға басып озды. «Астана» үшінші орында қалды.
«Ордабасы» — «Астана» 1:0 (0:0)Гол: Әмір 78 (1:0).