Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан құрамасының Азиаттық ойындарға арналған қорытынды жиынында алтын медаль үшін берілетін марапат мөлшері туралы мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір спортшыларға 5, 10 немесе 15 мың доллар көлемінде сыйақы төлеу тәжірибесі бар. Енді министрлік алтын медаль үшін төленетін қаражатты 50 мың долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
«Біз бұл норманы заңнамалық деңгейде енгізу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұрын спортшылар 5, 10 немесе 15 мың доллар көлемінде сыйақы алатын. Қазір алтын медаль үшін 50 мың доллар төлеуді жоспарлап отырмыз. Алайда дәл осы Азиаттық ойындарда сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен төленеді. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Мырзабосынов.
XX жазғы Азиаттық ойындар 19 қыркүйекте салтанатты ашылу рәсімімен басталып, 4 қазанда аяқталады. Қазақстан бұл додаға шамамен 560–570 спортшы жіберіп отыр, олар 35 спорт түрі бойынша жүлде үшін бақ сынайды.