Канадалық Verdict Scorecard статистикалық порталы Осакада өткен Super RIZIN 5 турниріндегі Қаршыға Даутбек пен Рэн Хирамото арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы ретінде қазақстандық спортшыны көрсетті.
Порталдың бағалауынша, Даутбек бұл кездесуде басымдық танытып, үшінші раундта-ақ жеңіске лайық болған. Алайда ресми нәтиже басқаша шықты: Рэн Хирамото бөлек шешіммен жеңімпаз деп танылды.
Жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Қарсыласынан бірінші раундта үстем түскен Даутбек оны нокдаунға да жіберіп үлгерді, әрі жекпе-жек бойы басымдық сақтағандай көрінді.
Соған қарамастан, үш төрешінің екеуі жеңісті жапон спортшысына берді. Осылайша Қаршыға Даутбектің 11 кездесу қатарынан жалғасқан жеңіс сериясы тоқтады.
Verdict Scorecard қорытындысы бойынша, бұл жекпе-жекте жеңіс Қаршыға Даутбекке берілуі тиіс еді.