Қазақстан құрамасы Бішкекте, Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпыкомандалық есебінде бірінші орын алды.
Қазақ спортшылары жарыс барысында 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алып, жалпы медаль кестесінде көш бастады.
Екінші орын иелеріне айналған Қырғызстан құрамасының қоржынында 30 алтын, 35 күміс және 19 қола медаль болды. Үздік үштікті Ресей түйіндеді: 7 алтын, 8 күміс, 21 қола.
Төртінші орынға Моңғолия, бесінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекте аяқталды. Байрақты бәсекеге әлемнің 113 елінен шамамен 3000 спортшы қатысып, 43 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Қазақ спорты үшін тағы бір ірі жетістікке айналған бұл додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте сенімді басымдық танытты.