4 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаль кестесінде көш бастады.
Қазақ спортшылары әзірге 55 медаль жеңіп алды: 25 алтын, 13 күміс және 17 қола. Осы нәтижемен Қазақстан жарыс қожайыны Қырғызстанды артта қалдырды.
Қырғызстан қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үздік үштікті 24 медаль жинаған Ресей түйіндеп тұр: 5 алтын, 6 күміс және 13 қола.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекте аяқталады. Додаға әлемнің 113 елінен шамамен 3000 спортшы қатысып, 43 сайыс түрі бойынша медальдар сарапқа салынып жатыр.