weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан көкпарда Ресейден 14:1 есебімен айқын басым түсті

Бішкекте өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында Қазақстан көкпар құрамасы алғашқы кездесуінде Ресейді ірі есеппен жеңді. Матч 14:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан көкпарда Ресейден 14:1 есебімен айқын басым түсті Қазақстан көкпарда Ресейден 14:1 есебімен айқын басым түсті
Sports.kz

Бішкекте өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында Қазақстанның көкпар құрамасы алғашқы кездесуін өткізіп, Ресей командасынан 14:1 есебімен басым түсті.

Қазақстандықтар бұл додаға осы жарыстың қазіргі чемпионы ретінде қатысып отыр. Соған байланысты құрама алғашқы турды өткізіп жіберген еді. Ал Ресей өз кезегінде бірінші турда Венгрияны 11:1 есебімен ұтқан болатын.

Топтық кезеңдегі соңғы матчтар 4 қыркүйекте өтеді. Сол ойындар плей-оффқа шығатын командаларды анықтайды.

Жүлделер сарапқа салынатын финалдық кездесулер 6 қыркүйекке жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.