weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Жаңалықтар 1
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үш дүркін ірі турнир чемпионы Анна Нордквист маусым соңында мансабын аяқтайды

Швециялық гольфшы Анна Нордквист кәсіби спорттағы соңғы аптасын Бостон маңындағы FM Championship турнирінде өткізетінін мәлімдеді. Ол кейін мансабын аяқтап, денсаулығы мен отбасына көңіл бөлмек.

Үш дүркін ірі турнир чемпионы Анна Нордквист маусым соңында мансабын аяқтайды Үш дүркін ірі турнир чемпионы Анна Нордквист маусым соңында мансабын аяқтайды
BBC Sport

Үш дүркін ірі турнир чемпионы Анна Нордквист осы аптада Бостон маңында өтетін FM Championship жарысынан кейін кәсіби гольфтегі мансабын аяқтайды.

39 жастағы швед спортшысы 11-13 қыркүйек күндері Нидерландтағы Bernardus Golf алаңында өтетін Сольхайм кубогында Еуропа құрамасының капитаны болады. Нордквист бұл жарыстың алдыңғы тоғыз додасының бәріне қатысып, 2009 жылғы дебютінен бері Еуропаға бес рет жеңіс әкелуге үлес қосты.

Ол 2009 жылы LPGA Championship турнирінде алғашқы ірі жеңісіне жетіп, 2017 жылы Evian Championship, ал 2021 жылы Women's Open жарыстарында да топ жарды.

«Құрметті гольф, 20 жыл бұрын мен АҚШ-қа екі чемоданыммен, гольф сөмкеммен және әлемнің ең үздік ойыншыларымен бір күні бәсекеге түссем деген арманыммен келдім. Арманым мені дәл осынша алысқа жеткізеді деп ойламадым, бірақ жеткен биігіме мақтанамын және осы арманды өмір сүре алғаныма ризамын.Барлығы әрдайым оңай болған жоқ, әсіресе отбасымнан жырақ жүргенімде, бірақ олар мені әр қадамымда қолдап отырды. Мен талай рет құладым, бірақ ешқашан берілмедім, әр құлаған сайын қайта тұрдым.Бұл ойын маған сыйлағанның бәрі үшін және жолымда кездескен адамдар үшін мәңгі алғыс айтамын. Маған осыншалықты қымбат дүниемен қалай қоштасуды білмеймін, бірақ бұл турдағы соңғы аптам болады».

Нордквист 18 жылдық кәсіби жолында 14,1 миллион доллар табыс тапты. Оның қоржынында LPGA Tour-дағы тоғыз және Ladies European Tour-дағы бес жеңіс бар.

Қазір әлемдік рейтингте 118-орында тұрған гольфшы шілдеде өткен Evian Championship турнирін жетінші орынмен аяқтап, жақында Royal Lytham & St Annes-тағы Women's Open жарысында 29-орынға ие болған еді.

Спортшы 2024 жылдың жазында асқазанындағы қатерсіз кистаға ота жасатса, бір жыл бұрын жұбайы Кевин МакАлпайн 39 жасында күтпеген жерден қайтыс болған еді. Нордквист енді кәсіби ойынды тоқтатып, денсаулығы мен отбасына басымдық беретінін айтты.

.

Көп оқылды:

.
.