weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
16 қазан, 2024 / Admin / Волейбол 279
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық волейболшы еуропалық клубта өнер көрсетеді

Сана Анарқұлова алдағы уақытта Сербияда ойнайды

Қазақстандық волейболшы еуропалық клубта өнер көрсетеді Қазақстандық волейболшы еуропалық клубта өнер көрсетеді
asianvolleyball.net

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны әрі көшбасшысы Сана Анарқұлова жаңа маусымды сербиялық «УБ» командасының құрамында бастайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

 

«УБ» командасы Сербияның ең мықты клубтарының бірі. 2021/2022 жылғы маусымда олар Сербия чемпионы атанды. Өткен маусымда команда тұрақты чемпионатта бесінші орынға ие болып, плей-оффтың бірінші кезеңіне дейін ойнады.

Сана Анарқұлова өскемендік «Алтай» командасының сапында волейболдан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған. Сондай-ақ, ол «Алматы», «Жетісу», «Ертіс» командаларында ойнаған. 2023/24 жылғы маусымда спортшы түркістандық «Тұран» сапында өнер көрсетіп, ел чемпионатында жеңіске жетті.

35 жастағы Сана Анарқұлова үшін «УБ» мансабындағы алғашқы еуропалық клуб болады.  Сонымен бірге, 2023 жылы ол бірнеше ай бойы Вьетнам чемпионатында өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасының құрамында Сана Анарқұлова бірнеше мәрте әлем чемпионаттарында өнер көрсетті, 2010 жылғы Азия ойындарының жүлдегері атанды, ал 2024 жылғы маусымда Ұлттар лигасына аясында Азия іріктеуінің финалына жетті.

 

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Көп оқылды:

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера