Әлемдік рейтингтің көшбасшысы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде 1/8 финал сатысында ойынын аяқтады. Ол ресейлік Екатерина Александроваға 6:7 (3:7), 6:4, 4:6 есебімен есе жеберді.
Осы жеңілістен кейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға дүниежүзілік рейтингте Соболенкодан артта қалу қашықтығын едәуір қысқартуға мүмкіндік туды.
Егер Рыбакина Торонто турнирінде чемпион атанса, ол Соболенкодан небәрі төрт ұпай ғана артта қалады. Бұл жағдайда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы атану мәртебесіне іс жүзінде қолы жетерлік қашықтыққа жақындайды.
Қазіргі таңда Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші жолда тұр.