weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Жаңалықтар 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық ауыр атлетші Азия рекордымен чемпион атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсеит Ташкентте өткен 17 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жеңіске жетіп, екі жаңа Азия рекордын орнатты.

Қазақстандық ауыр атлетші Азия рекордымен чемпион атанды Қазақстандық ауыр атлетші Азия рекордымен чемпион атанды
Sports.kz

Қазақстандық ауыр атлетика өкілі Бейбарыс Ерсеит Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарды.

65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы қос жаттығу қосындысында 281 келі көтеріп, чемпион атанды. Бұл нәтиже 129 келілік жұлқу мен 152 келілік көтеріп ұстаудан құралды.

Атап өтетін жайт, Ерсеит жеке «жұлқу» жаттығуында да топ жарып, осы бағыт бойынша алтын медальға ие болды.

Спортшының екі нәтижесі де 17 жасқа дейінгі санатта жаңа Азия рекорды ретінде тіркелді. Бұл жетістік жас қазақстандық ауыр атлеттің болашағына үлкен үміт артуға негіз болып отыр.

.

Көп оқылды:

.
.