Қазақстан құрамасының мылтық атудан өкілі Александра Ле Дохада (Катар) өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеу сынын сәтті еңсерді.
Ол 50 метр қашықтықтан үш қалыпта атылатын кіші калибрлі винтовка жаттығуында 590 ұпай жинап, алтыншы орын алды. Осы нәтиже оған финалға жол ашты, ал шешуші кезеңге ең үздік сегіз мерген өтті.
Іріктеуде Ұлыбритания өкілі Сеонайд Макинтош 597 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға норвегиялық Жанетт Хегг Дуэстад (594), үшінші орынға сербиялық Александра Стоядинович (593) ие болды.
Финал 9 қараша күні өтеді.