Олимпиада ойындарының болашақ чемпионы атанған қазақстандық фигурашы Михаил Шайдоров Франциядағы Анже қаласында өтіп жатқан халықаралық жаттығу лагеріне қатысып жатыр. Аталған сбор атақты француз хореографы Бенуа Ришо басшылығымен ұйымдастырылған.
Лагердің ресми Instagram-парақшасында жарияланған бейнежазбада Шайдоров пен басқа қатысушылардан бөлек, ресейлік фигурашы Камила Валиеваны да көруге болады. Жазбаға «Камила Валиева мен Михаил Шайдоров бір мұздақты бөлісетін техникалық жаттығудан бірнеше сәт» деген түсініктеме қосылған.
Бенуа Ришо бұған дейін Шайдоровқа жаңа еркін бағдарлама қойған болатын. Одан бөлек, қазақстандық спортшы АҚШ-та канадалық хореограф Ше-Линн Бурнмен бірге қысқа бағдарлама үстінде жұмыс істеп келді. Франциядағы бес апталық жаттығу лагері 15 тамызда аяқталады. Шайдоров бұл сборда Адам Сяо Хим Фа, Стивен Гоголев және Ника Эгадзе сынды әлемдік деңгейдегі фигурашылармен бір мұзда жаттыға алды.
Валиева Франциядағы жаттығу лагеріне тамыз айының басынан бері қатысып келеді. Дискваликациясы аяқталғаннан кейін мұзға қайта оралған спортшы 2026/2027 маусымындағы толыққанды жарыс кезеңіне дайындалып жатыр. Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) Камиланың бейтарап мәртебесі мәселесі әлі шешілмегенін ресми түрде мәлімдеген.