weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Футбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Неймар карьерасын аяқтау туралы мәлімдеме жасады

«Сантос» және Бразилия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Неймар Жуниор футболдан кету мәселесін әзірге қарастырмайтынын мәлімдеді.

Неймар карьерасын аяқтау туралы мәлімдеме жасады Неймар карьерасын аяқтау туралы мәлімдеме жасады
Sports.kz

«Сантос» клубының және Бразилия құрамасының тәжірибелі шабуылшысы Неймар Жуниор өз мансабының болашағы туралы алғаш рет ашық пікір білдірді.

«Мен карьераны аяқтау туралы ойламаймын. «Сантоспен» желтоқсанға дейін келісімшартым бар, осы уақытқа дейін клуб үшін қолымнан келгеннің бәрін жасағым келеді. Содан кейін ғана нұсқаларымды қарастырамын. Қалу ма, кету ме, ойыннан кету ме, әлде жалғастыру ма — өзім де білмеймін! Желтоқсанға дейін әлі уақыт бар, көрермін», — деген Неймардың сөздерін белгілі журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо келтірді.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Неймар 2026 жылғы АҚШ, Мексика және Канадада өткен әлем чемпионатында Бразилия құрамасы құрамында ойын шығарды. Онда бразилиялықтар 1/8 финалға дейін жетіп, Норвегиядан 1:2 есебімен ұтылып қалған болатын.

.

Көп оқылды:

.
.