weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сатпаевтың «Челсидегі» алғашқы голы Австралиядағы турнирде үздік деп танылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың Лондон «Челсиі» құрамында соққан алғашқы голы Sydney Super Cup маусым алдындағы турнирінің үздік голдары рейтингінде бірінші орынға ие болды.

Сатпаевтың «Челсидегі» алғашқы голы Австралиядағы турнирде үздік деп танылды Сатпаевтың «Челсидегі» алғашқы голы Австралиядағы турнирде үздік деп танылды
Sports.kz

Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сатпаевтың Лондон «Челсиі» түсінде соққан тұңғыш голы Австралияда өткен маусым алдындағы Sydney Super Cup турнирінің үздік мәрелер рейтингінде көш бастады.

17 жасар қазақстандық бұл голды «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы кездесуде соқты. Сатпаев алаңның ортасынан доп қабылдап, қорғаушыларды басып озды да, дәл соққымен допты қақпаға дөп түсірді. Айта кетейік, бұл гол сондай-ақ Хаби Алонсо бапкерлікке келгеннен кейінгі «Челсидің» алғашқы голы болды.

Рейтингте Сатпаев «Тоттенхэмнің» шабуылшысы Матис Тельден озып шықты. Оның «Сиднейге» қарсы штрафты соққыдан соққан голы екінші орынды иеленді.

Үшінші орынға Айдан Хэммондтың «Челси» қақпасына соққан голы лайық деп танылды. Төртінші орында лондондықтардың жартылай қорғаушысы Дариу Эссугудың «Уэстерн Сидней Уондерерске» қарсы соққан голы тұр. Осы шабуылға Сатпаев та атсалысқан болатын.

Бесінші жолды Дилан Циклунаның «Челси» қақпасына соққан голы иеленсе, алтыншы орынды лондондық клубтың винг ойыншысы Джейми Байно-Гиттенстің голы алды.

Дастан Сатпаев Австралиядағы турнирде «Челсидің» екі кездесуіне қатысты. «Уэстерн Сидней Уондерерске» қарсы нәтижелі ойыннан кейін ол «Тоттенхэммен» кездесуде алмастыруға шыққан еді.

.

Көп оқылды:

.
.