weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Футбол 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Левски» — «Кайрат»: бірінші таймнан кейін есеп ашылмады

Болгарияның Софиясында өтіп жатқан Лига чемпионов ойынының үшінші іріктеу раундындағы «Левски» мен «Кайрат» кездесуінің бірінші таймы 0:0 есебімен аяқталды.

«Левски» — «Кайрат»: бірінші таймнан кейін есеп ашылмады «Левски» — «Кайрат»: бірінші таймнан кейін есеп ашылмады
Sports.kz

Болгарияның астанасы Софиядағы «Георгий Аспарухов» стадионында Еуропа чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундының бірінші матчы өтіп жатыр. Кездесуде болгариялық «Левски» қазақстандық «Кайратты» қабылдап отыр.

Бірінші таймның қорытындысы бойынша командалар есеп аша алмады — 0:0.

«Кайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин бұл ойынға мынадай негізгі құрам шығарды: Анарбеков, Мата, Африко, Мартынович, Мрынский, Байбек, Оксанен, Мендонса, Юккола, Эдмилсон, Гуаль.

Кездесудің жауап сапары 11 тамызда Түркістан қаласында өтеді. Бастапқыда матч Алматыда жоспарланғанмен, Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетінге байланысты кездесу орны ауыстырылды.

.

Көп оқылды:

.
.