Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундындағы болгариялық «Левскимен» кездесу алдында дайындықтың соңғы кезеңін өткізді. Команда София қаласында өткен жаттығуын сәтті аяқтады.
Клубтың баспасөз қызметі жариялаған бейнеролик бойынша, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин футболшыларға жаттығу алдында тапсырмалар мен нұсқаулар берді.
«Левски» мен «Қайрат» арасындағы бірінші кездесу тамыздың төртінде Софиядағы «Георги Асларухов» стадионында өтеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады.
Кездесудің қайтарма ойыны тамыздың 11-де Түркістан қаласында өткізіледі. Осы қарсыласудың жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф раундына жол ашады.