weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Үлкен теннис 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Серена мен Винус Уильямс Цинциннати турнирінде жұптасады

Америкалық теннисшілер Серена және Винус Уильямс апалы-сіңлілі Цинциннатидегі «Мастерс» турнирінің жұптық разрядында бірге ойнайды.

Серена мен Винус Уильямс Цинциннати турнирінде жұптасады Серена мен Винус Уильямс Цинциннати турнирінде жұптасады
Championat Теннис

Ұлы шлем турнирлерінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямс пен жеті рет Ұлы шлем чемпионы атанған оның апасы Винус Уильямс АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін «Мастерс» турнирінде жұптық разрядта бірге бақ сынайды.

Апалы-сіңлілі теннисшілер турнирге арнайы шақыру картасы (уайлд-кард) арқылы қатысу құқығына ие болды. Сонымен қатар Винус Уильямс жалғыздар разрядында да ойнауға шақырылды.

Қазіргі таңда Серена Уильямс 44 жаста, ал оның апасы Винус Уильямс 46 жаста. Бұған дейін екеуі 2026 жылғы Уимблдонда бірге ойнауды жоспарлаған еді, алайда Серена тізе жарақатына байланысты турнирден бас тартуға мәжбүр болды. Атап өтерлігі, Цинциннати турнирі Винус Уильямс үшін мансабын қайта жаңғыртқаннан кейінгі алғашқы жарыс болмақ.

Цинциннатидегі «Мастерс» турнирі 13 тамыздан 23 тамызға дейін өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.