«Ньюкасл Юнайтед» клубы Эдди Хаумен қоштасқаннан кейін жаңа бас бапкер кандидатурасын анықтады. Танымал журналист Фабрицио Романо өз әлеуметтік желілерінде клубты 38 жастағы неміс маманы Маттиас Яйссле басқаратынын хабарлады.
Романоның мәліметінше, қазіргі кезде Саудия Арабиясының «Аль-Ахли» клубын жаттықтырып жүрген Яйссле «сорокалардың» негізгі үміткері саналады. Тараптар арасындағы келіссөздер соңғы сатыда тұр, ал мәміле жуық арада ресми түрде бекітілуі күтіліп отыр.
Алдында 48 жастағы Эдди Хау клуб басшылығына соңғы бес жыл бойы атқарып келген қызметінен демалу мақсатында кетуге ниетті екенін жеткізген болатын. Хау «Ньюкаслге» дейін «Борнмут» пен «Бёрнли» командаларын жаттықтырған еді.
Хаудің басшылығымен «Ньюкасл» 2024/2025 маусымында Англия лигасы кубогын жеңіп алған. Дегенмен өткен маусымда команда Премьер-лига кестесінде небәрі 12-орынды иеленді. Ал чемпион атағын сол маусымда «Арсенал» жеңіп алды.