Испандық журналист Пепе Альварестің әлеуметтік желідегі мәліметінше, «Реал Мадридтің» ортаңғы қорғаушысы Джуд Беллингем өткен маусымның соңында клубтан кетуге жақындап қалған. Дегенмен «корольдік клуб» басшылығы ойыншыны сатпайтынын анық білдірген.
Дереккөздің айтуынша, ойыншының әкесі Марк Беллингем маусым соңында «Реал» басшылығымен ұлының болашағы жайлы келіссөз жүргізген. Талқылауға түрткі болған себеп — спорттық сипаттағы бірқатар мәселе бойынша тараптар арасындағы келіспеушілік. Алайда клуб позициясы қатаң болды: Джуд Беллингем сатылымға шықпайды.
Беллингем «Реалға» 2023 жылы дортмундтық «Боруссиядан» 127 миллион еуроға ауысқан болатын. Ойыншының ағымдағы келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды.
«Реал» формасын киіп жүрген уақыт ішінде ағылшын футболшысы барлық турнирлерде 140 матчта алаңға шығып, 46 гол соғып, 33 голдық пас берді.