Мәзір
9 мамыр, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар

«Қызылжардың» жөндеуге жабылған стадионы қайта ашылды

“Қызылжар” командасының “Қарасай” стадионы ҚПЛ матчтарын қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман өзінің телеграмдағы "Кеңесші" атты арнасында жазды. 

 

 

"Қызылжардың" жөндеуге жабылған стадионы қайта ашылды "Қызылжардың" жөндеуге жабылған стадионы қайта ашылды
ҚФФ

“Қарасай” стадионы өткен маусымда жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған. Жоспарланған жұмыстар аяқталып, нысан пайлануға берілді.

"Қызылжар" жаңарған стадиондағы алғашқы матчты ертең 10-шы мамырда "Ұлытауға" қарсы өткізеді. Ойын 15:00-де басталады. 

"Қызылжардың" келесі ойыны да "Қарасай" стадионында өтеді. ҚПЛ 9-шы турында петропавлдық клуб "Елімайды" қабылдайды. 

"Қызылжар" премьер-лиганың 7 турынан кейін 8 ұпаймен 9-шы орында келеді.  

 

 

 

 

 

 

 

Көп оқылды: