Мәзір
4 мамыр, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар

Харри Кейн алғашқы чемпиондық атағына ие болды

Англия ұлттық құрамасының 31 жастағы шабуылшысы "Бавария" құрамында Германия чемпионы атанды. Бұл Кейннің алғашқы чемпиондық атағы. 

Харри Кейн алғашқы чемпиондық атағына ие болды Харри Кейн алғашқы чемпиондық атағына ие болды
S. Mellar

Бундеслиганың 32-ші турында "Баварияның" басты қарсыласы - "Байер" "Фрайбургпен" тең ойнады. Есеп 2-2. Осылайша мюнхендік клуб Германия біріншілігінің аяқталуына 2 тур қалғанда чемпион атанды. "Баварияның" еншісінде 76 ұпай бар. Екінші орындағы "Байер" 68 ұпай иеленді.

Харри Кейн 10 жылдай "Тоттенхэмде" ойнайды. Алайда командамен айтарлықтай жетістікке жете алған жоқ. Тек 3 мәрте Англия премьер-лигасының үздік сұрмергені болды. Англия құрамасымен бірге шабуылшы екі рет Еуропа біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді. 

Көп оқылды: