Іріктеуге 2012, 2013 және 2014 жылдары дүниеге келген балалар қатыса алады. Соңғы санатқа жататын жеткіншектерді таңдау процесі Алматы қаласында ғана ұйымдастырылады. Академияның хабарлауынша, Астана қаласындағы іріктеуге тіркелген қатысушылар саны белгіленген шекті мөлшерге жетті. Ал тіркеліп үлгермеген үміткерлер Алматы, Шымкент немесе Ақтауда өз бағын сынай алады.
Іріктеу өтетін қалалар:
Ақтау (31 мамыр - 01 маусым)
Шымкент (17-18 маусым)
Алматы (28-29 маусым)
Академия бір жылда 120 балаға дейін қабылдай алады. Испаниядағы "Атлетико Мадрид" академиясының кеңесі бойынша іріктеу U-12, U-13, U-14 топтары арасында жүргізіледі.
Өтініш atleticomadrid.kz сайтында қабылданады. Іріктеу процесі тегін.