Мәзір
26 сәуір, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Беларусьпен ойнайды

Қазақстан мен Беларусь 5-ші маусымда жолдастық кездесу өткізеді. Екі елдің футбол федерациялары келісімге келді. Бұл туралы ҚФФ хабарлады. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Беларусьпен ойнайды Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Беларусьпен ойнайды
ҚФФ

Матч Беларусь астанасы Минск қаласында «Динамо» стадионында өтеді деп жоспарланған. Бұған дейін командалар жеті рет кездескен. Төртеуінде Беларусь құрамасы жеңді. Екі ойын тең аяқталды. Ал бір ойында Қазақстан құрамасы жеңіп, 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының «С» дивизионына жолдама алған еді.

Осы ойыннан кейін қазақстандық футболшылар 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жалғастырады. 9-шы маусымда Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македонияны қабылдайды.  

Көп оқылды: