Мәзір
24 сәуір, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар

Кларенс Зеедорф қазақстандық журналистердің сұрақтарына жауап берді

Мадридтің "Реалы" мен Нидерланд ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Кларенс Зеедорф Астанаға ұшып келді. Ол 25-ші сәуірде өтетін Аңыздар матчына қатысады. 

Кларенс Зеедорф қазақстандық журналистердің сұрақтарына жауап берді Кларенс Зеедорф қазақстандық журналистердің сұрақтарына жауап берді
Ашық дереккөздерден

Кларенс Зеедорф - Чемпиондар лигасын 3 түрлі командамен жеңіп алған әлемдегі жалғыз ойыншы. Жартылай қорғаушы ең басты клубтық турнирде Ипанияның "Реал", Нидерландтың "Аякс" және Италияның "Милан" командаларымен жеңіске жетті. 

Баспасөз мәслихатында Зеедорф бұған дейін достарынан Қазақстанға көп шақырту алғанын айтты. Алайда сапардың сәті енді түскенін, Астанадағы ауқымды футбол мерекесінің бір бөлігі болғанына қуанышты екенін мәлімдеді. 

Аты аңызға айналған футболшы Нидерланд және Қазақстан футболын салыстырды. "Біздегідей футбол болуы үшін Қазақстанда Нидерландтағыдай жағдай жасалуы керек"- деді Зеедорф. 

Аңыздар матчы 25-ші сәуірде Астанада Қазақстан футболы күніне орай өтеді. "Астана Арена" стадионында әлем және Қазақстанның аңыз ойыншылары кездеседі. Зеедорфтан бөлек әлемнің жұлдызды құрамасында Хавьер Дзанетти, Фернандо Морьентес, Димитар Бербатов және тағы бірқатар атақты ойыншылар өнер көрсетеді деп жоспарланған.

Матч Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. 

Көп оқылды: