Іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты. Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің жаңа құрамы жасақталды.
Вице-президенттер:
Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;
Шахмұрат Мұтәліп – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;
Данияр Абулгазин – жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;
Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;
Гаджи Гаджиев – жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.
Спортшылар комиссиясының өкілі:
Ольга Рыпакова – Жеңіл атлетика федерациясының президенті.
Ұлттық федерациялар басшылары:
Әлия Юсупова – Гимнастика федерациясының президенті;
Мәди Такиев – Волейбол федерациясының президенті;
Асхат Жіткеев – Дзюдо федерациясының бас хатшысы;
Нұрлан Жақыпов – Су спорты түрлері федерациясының президенті;
Ержан Біржанов – Триатлон федерациясының президенті;
Берік Асылов – Спорттық ату федерациясының президенті;
Құдірет Шамиев – Таэквондо (WTF) федерациясының президенті;
Қайрат Дүйсенов – Гольф федерациясының вице-президенті.