Мәзір
21 сәуір, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар

Ла лига: «Барселона» мен «Реал» жеңген, «Атлетико» жеңілген тур

Испания біріншілігінің 32-ші турындағы соңғы ойында Мадридтің "Реалы" мен "Атлетик" кездесті. Тартысты өткен матчтың 93-ші минутында алаң қожайындары жеңісті жұлып алды.  

Ла лига: "Барселона" мен "Реал" жеңген, "Атлетико" жеңілген тур Ла лига: "Барселона" мен "Реал" жеңген, "Атлетико" жеңілген тур
Instagarm/FedeValverde

Чемпиондар лигасындағы жеңілістен кейін "Реал" өз алаңында "Атлетикті" жеңу үшін барын салды. Сондықтан алғашқы минуттан бастап шабуылға көшті. Алайда жанкүйерлер алғашқы голды ұзақ күтті. 79-шы минутта Джуниор Винисиус есеп ашқан еді. Бірақ төреші офсайд тіркеп, голды есепке алған жоқ. Дегенмен алаң иелері қысымды азайтқан жоқ. Толассыз шабуыл ақыры өз нәтижесін берді. 93-ші минутта Феде Вальверде жойқын соққымен "Реалға" жеңіс сыйлады. Осылайша Мадрид 69 ұпай жинап, чемпиондыққа таласты тоқтатқан жоқ. Ал көш басындағы "Барселона" өз алаңында "Сельтаны" қабылдап, 4-3 есебімен жеңіске жетті. 98-ші минутта Рафинья пенальтиді сәтті орындап, жеңіс голын соқты. Каталониялықтар 73 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал үшінші орындағы "Атлетико" сырт алаңда "Лас-Пальмасқа" 1-0 есебімен жол берді. Енді келесі турда "Барселона" "Мальорканы", "Атлетико" "Райо Вальеканоны" қабылдайды. Ал "Реал" "Хетафеге" қонаққа барады. Еске салайық, Испания чемпионатының аяқталуына 6 тур қалды.   

Көп оқылды: