Алғаш болып астаналықтар гол соқты. Ойынның 30-шы минутында Марин Томасов нәтижелі соққымен көзге түсті. Осыдан соң түркістандық клуб шабуылға көбірек иек артты. Бірақ "Тұран" таразы басын матч аяқталар тұста ғана теңестіре алды. 84-ші минутта өзбек қорғаушысы Хуршидбек Мұхтаров жауап голын соғып, қорытынды есепті тіркеді. Келесі турда "Астана" "Атырауды" қабылдайды. Ал "Тұран" "Ордабасымен" күш сынасады.