Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Испаниямен сырт алаңда кездесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz
Командалардың бастапқы құрамы:
Испания U-21:Кампос, Санчес, Фрэнсис, Ибаргин, Лопес, Турриентес, Торре, Лопес, Наварро, Моро, Фернандес Регатильо;
Қазақстан U-21: Анарбеков, Кургин, Широбоков, Қалмырза, Қасабулат, Назымханов, Кенжебек, Қылдыбеков, Байбек, Абдулла, Свиридов.
Қазақстандықтар бірінші болып Ғалымжан Кенжебектің голымен есеп ашты. Алайда, бірінші таймның соңына дейін Испания төрт голмен жауап берді. Екінші таймда Кенжебек дубль жасап, соңғы голды Данил Анкудинов соқты. Қорытынды есеп – 4:3.
Қазақстан келесі матчында 15 қазанда өз алаңында Шотландия құрамасын қабылдайды.
Испания U-21 – Қазақстан U-21 4:3 (4:1)
Гол соққандар: Кенжебек 12 (0:1), Фернандес 15 (1:1), Турриентес 20 (2:1), Фернандес 23 (3:1), Фернандес 44 (4:1), Кенжебек 68 (4:2), Анкудинов 76 (4:3).