weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
19 сәуір, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар 336
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Абат Айымбетовтың клубы қатарынан бесінші рет жеңілді

Абат Айымбетов ойнайтын "Адана Демирспор" клубы Түркия Суперлигасында қатарынан бесінші рет жеңілді. Бұл жолы қазақстандық шабуылшының командасы 32-ші тур аясында өткен ойында "Трабзонспорға" жол берді.  

Абат Айымбетовтың клубы қатарынан бесінші рет жеңілді Абат Айымбетовтың клубы қатарынан бесінші рет жеңілді
Getty Images

Бірінші тайм аяқталар тұста алаң қонақтарының шабуылшысы Симон Банза дәл соққымен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Абат Айымбетов 62-ші минутқа дейін ойнады. Қазақстандық футболшыны шабуылшы Юсуф Бараси алмастырды. Бұған дейін "Адана Демирспор" "Эюпспордан" (0-6), "Кайсериспордан" (0-2), "Сивасспордан" (1-5), "Самсунспордан" (2-3) жеңілген еді. Соңғы рет 1-ші наурызда "Бодрумспормен" тең ойнап (0-0), 1 ұпай иеленген еді. Енді Абат Айымбетовтың командасы 33-і турда "Коньяспормен" кездеседі. 

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера