IBF және WBO нұсқалары бойынша бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы рингке шығуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Карлос және Лара, сендерден 5-ші қазан күні келісімшарт күтемін! Твиттерде өте белсендісіңдер, бірақ маған келісімшарт жібермейсіңдер. Ол – чемпион. Онда неге менімен күш сынасқысы келмейді?
Аустралияда өтетін жекпе-жек үшін қанша ақша алатыным бәріне белгілі. Бірақ, мені ақша қызықтырмайды. Мені титул қызықтырады. Бокс – бұл бизнес емес, бұл– спорт»,- деді Әлімханұлы.
Осыған дейін, Мырзағали Айтжанов чемпион Жәнібек Әлімханұлын жаттықтырып жүргені жайлы хабарлаған болатынбыз.